Абай облысында полиция жолда қалған автобус жолаушыларына жедел көмектесті

Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
18 қаңтар күні шамамен 21:40-та Омбы – Майқапшағай автожолында (588/733 шақырым, Павлодар облысының шекарасына жақын аумақта) Астана – Зайсан бағытымен келе жатқан Setra маркалы рейстік автобусы жол үстінде істен шықты.

Автобуста 31 жолаушы, оның ішінде 4 кәмелетке толмаған болған. 6 жолаушы жолда көлік тоқтатып, өз бетінше сапарын жалғастырды.

Қалған азаматтар аязда тасжолда қалып қалған. Оқиға орнына жедел түрде М-84 патрульдік экипажы келді. Н.Берлешов және Н.Алиев тек қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп қана қоймай, эвакуация толық аяқталғанға дейін жолаушылармен бірге болып, жағдайды бақылауда ұстап, азаматтарға қажетті көмекті көрсетті.

Бір сағат ішінде құтқарушылардың техникасы жетіп, 25 жолаушы эвакуацияланды. Алайда оқиға мұнымен тәмам болған жоқ. Бекетте полиция қызметкерлері жүк-жабдықтарды тасуға көмектесіп, азаматтарды сүйемелдеп, Бесқарағай ауылындағы колледжге дейін жеткізді.

Онда жолаушылар жылынып, қауіпсіз жағдайда әрі қарайғы шешімдерді күте алды. Полиция қысқы кезеңде жолға шыққан азаматтарды сақ болуға шақырады.

Сапарды алдын ала жоспарлап, ауа райын ескеріп, өзіңізбен бірге жылы киім және байланыс құралдарының қуаты толық екеніне көз жеткізіңіз. Жол үстінде төтенше жағдай туындаса, 102 нөміріне хабарласыңыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды