"Телефонымды автобуста ұмытып кеттім": Таразда полицейлер жасөспірімге көмектесті

Фото: Zakon.kz
Тараздағы қоғамдық көліктің бірінде кәмелетке толмаған екі оқушының біреуі телефонын ұмытып, қалдырып кеткен.

Не істерін білмеген балалар жақын маңда жүрген патрульдік полиция қызметкерлерінен көмек сұраған.

Полиция қызметкерлері жағдайды бірден назарға алып, жедел басқару орталығына хабарласып, қаладағы бейнебақылау камералары арқылы автобустың бағытын анықтады.

Жедел әрі үйлесімді әрекеттің арқасында автобус дер кезінде тоқтатылып, жоғалған телефон табылды. Қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, полиция қызметкерлері балалардың әжесін шақырып, ұялы телефонды заңды иесіне табыстады.

Балалар мен олардың әжесі полиция қызметкерлеріне көрсеткен жедел көмегі мен қамқорлығы үшін шынайы алғыстарын білдірді.

Бұл оқиға – полиция қызметкерлерінің халыққа жақын, әрдайым көмекке дайын қамқоршы екенін айғақтайды. Полиция азаматтардың, әсіресе балалардың қауіпсіздігі үшін қызмет етеді.

Қазақстан
Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған