Хабарлама мәтінінде алаяқтар теракт ұйымдастырылатынын және балаларға "қоқан-лоққы" жасалатынын мәлімдеп, №14, 18, 12, 21, 4, 11, 16, 17, 19 және 1 мектептерін атап өткен. Автор сонымен қатар: "Біз 20 адамбыз. Біз ештеңеден қорықпаймыз" деп жазған.
Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі әлеуметтік желілерде таралып жатқан хабарлама бойынша тексеріс жүргізіліп жатқанын хабарлады.
"Бастапқы тексеру шаралары барысында бұл фактілер расталмады. Таратылып жатқан ақпарат жалған және шындыққа сәйкес келмейді. Қазіргі уақытта мектептерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары қабылданды", – делінген хабарламада.
Сонымен қатар полиция хабарламаның авторларын анықтау бойынша кешенді шаралар жүргізіліп жатқанын атап өтті.
"Жағдай полиция департаментінің басшылығының бақылауында. Сақ болып, тек ресми ақпарат көздеріне сеніңіздер. Расталмаған хабарламаларды жібермеуге және таратпауды сұраймыз", – деді баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Алматы тұрғындары да 19 қаңтарда дәл осындай хабарламаларды алған. Сол кезде қала полициясы жалған хабарламаның авторы мен көзін анықтайтынын хабарлаған.