Алматыда таңға жуық жол апаты болып, үш адам ауруханаға түсті

Сурет: Zakon.kz
Алматы қаласында Қаппаров көшесінде, Esentai city тұрғын үй кешенінің қарсы бетінде үш автокөлік соқтығысып, бірнеше адам жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

BMW X4 автокөлігі Қаппаров көшесімен оңтүстік бағытта қозғалған. Оған қарсы бағытта Lada Granta көлігі келе жатқан. Алдын ала болжам бойынша, BMW жүргізушісі Esentai city тұрғын үй кешенінің ауласына кіру үшін солға бұрылмақ болған.

Сурет: Zakon.kz

Lada Granta жүргізушісі мұндай маневрді күтпегендіктен, рөлді шетке бұрғанымен, көліктер бір-бірінен айналып өте алмай, бетпе-бет соқтығысқан. Соққының салдарынан басқарудан айырылған екі автокөлік екі жаққа ұшып кеткен.

Сурет: Zakon.kz

Қатты соққыдан BMW X4 көлігі кері бағытқа бұрылып кетсе, Lada Granta қарсы қозғалыс жолағы арқылы өтіп, жол жиегінде тұрған Toyota Camry көлігіне соғылып, оны бірнеше метрге жылжытып жіберген.

Сурет: Zakon.kz

Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам жарақат алды. Олар – Lada Granta жүргізушісі және BMW X4 көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы. Үшеуі де ауруханаға жеткізілді.

Сурет: Zakon.kz

Оқиға орнында жол полициясының қызметкері жол апатының мән-жайын қатысушыларсыз анықтап жатыр.

Бұған дейін Жетісу облысында ауыр жол апатынан бес адамның көз жұмғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, қатты жел тұрады". Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда бір күнде 12 орман өрті тіркелді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Министрліктер мен мемлекеттік органдардың МКК органдарына мәліметтерді ұсыну қағидалары мен мерзімі бекітілді