Тоқаев Иордан Хашимит Корольдігінің al-Hussain ibn Ali орденімен марапатталды

Марапаттау рәсімі, Астана, Тоқаев, Иордан Хашимит Корольдігі, al-Hussain ibn Ali, орден, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.11.2026 18:41 Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания королі II Абдалланы Al-Farabi орденімен марапаттаған болатын. Өз кезегінде король II Абдалла Қасым-Жомарт Тоқаевты Иордан Хашимит Корольдігінің жоғары мемлекеттік наградасы – al-Hussain ibn Ali орденімен марапаттады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мен үшін Иордан Хашимит Корольдігінің жоғары наградасына ие болу – зор мәртебе. Бұл орден Сіздің текті әулетіңіздің абыройын асырған тұлғаның есімімен аталады. Оның ар-ожданы, сенімі мен нанымы, туған еліне адал қызметі ұрпаққа үлгі болып келеді. Осы жоғары награданы еңбегімнің бағалануы ғана емес, ең алдымен, халықтарымыз арасындағы берік достық пен өзара құрметтің белгісі деп санаймын. Бұл Қазақстан мен Иордания арасындағы байланыстардың тығыз әрі дәйекті түрде нығайып келе жатқанын айғақтайды. Сіздің екіжақты ынтымақтастықты одан әрі ілгерілету ниетіңізді жоғары бағалаймын", – деді Мемлекет басшысы.

Аl-Hussain ibn Ali орденін 1949 жылы Иордания королі I Абдалла бен әл-Хусейн әкесі – Мекке шарифі Хусейн бен Әлидің (1853–1931 жж) құрметіне тағайындаған. Ол Хашимиттер әулетінің аса көрнекті өкілдерінің бірі болған.

Орденді табыстау Иордания королі тарапынан көрсетілген айрықша құрметтің белгісі әрі жоғары деңгейдегі саяси сенімнің айғағы саналады.

Бүгін, 5 қарашада Қазақстанға Иордания Хашимит Корольдігінің королі II Абдалла ибн әл-Хусейн ресми сапармен келді. Келіссөздер барысында король II Абдалла Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ақаба процесі аясындағы кездесулердің жаңа раундын бірлесе ұйымдастырғаны үшін шынайы ризашылығын білдірді. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Иордания королі II Абдалланы Al-Farabi орденімен марапаттады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: