ІІМ Шымкенттегі клубтың бірінде жүздеген көңіл көтеретін газ баллондарын тәркіледі

Сурет: ҚР ІІМ
Шымкенттегі бір түнгі клубта ІІМ қызметкерлері жүздеген көңіл көтеретін газ баллондары бар қойманы анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство мәліметі бойынша, аталған мекемеде "смешариктер" деп аталатын газды сату жүйелі түрде жүргізілген.

Жыл басынан бастап Қазақстанда күшті әсер ететін заттардың, оның ішінде тыйым салынған қосылыстардың заңсыз айналымына байланысты құқыққа қарсы әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленді.

Олардың қатарында түнгі клубтарда кеңінен таралған, "күлкі газы" деп аталатын белгілі азот тотығы да бар. Биылғы жылы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшелері бірқатар өңірлерде аталған затпен толтырылған металл баллондарды заңсыз тасымалдау және сақтау фактілерін анықтап, жолын кесті.

Атап айтқанда, Шымкент қаласындағы түнгі клубтардың бірінде "смешариктер" деп аталатын күшті әсер ететін өнімді жүйелі түрде сатуға қойылғаны анықталды.

Жүргізілген жедел іс-шаралар барысында 416 баллон сақталған тұтас бір қойма анықталды, олардың жартысы тыйым салынған қосылыспен толтырылған.

Тиісті сараптама тағайындалды. ІІМ азот тотығын медициналық мақсаттан тыс пайдалану қауіпті екенін ескертрді. Бұрын адам өліміне әкеп соққан жағдайлар болған.

Күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымы үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және тыйым салынған заттардың жолын кесуге бағытталған іс-шаралар жалғасын табады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды