Ақмола облысында тұрғыннан бес келіден астам марихуана тәркіленді

Фото: Zakon.kz
Ақмола облысында Жақсы ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері есірткі заттарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау фактісінің жолын кесті.

Өткізілген іс-шаралар барысында жедел уәкілдер тыйым салынған заттарды сақтауға күдікті Жақсы ауылының 34 жастағы тұрғынын анықтады.

Айыпталушының тұрғылықты жерін тінту кезінде полиция қызметкерлері өсімдік тектес есірткі-марихуананы тауып, тәркіледі. Алынған заттың жалпы салмағы 5,6 килограмды құрады, бұл қолданыстағы заңнамаға сәйкес аса ірі мөлшерге жатады.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықталып жатыр.

Тиісті сараптамалар тағайындалды, есірткінің қайдан алынғаны анықталуда. Полицейлер күдіктінің үйінде есірткінің көп мөлшерін қандай мақсатта сақтағанын анықтап, сондай-ақ ықтимал қабылдау арналарын және қылмысқа қатысы бар адамдар тобын тексереді.

Полицейлер есірткі құралдарының заңсыз айналымы, оның ішінде оларды ірі және аса ірі мөлшерде сақтау қатаң қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтыратынын еске салады. Өңір аумағында есірткі қылмыстарын анықтау және жолын кесу жұмыстары жалғасып жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Автобустың есігін өзі жөндеп алып, жүргізуші куәлігінсіз жолаушы тасымалдаған қазақстандық ұсталды

Алматылықтар тұрғылықты жеріне жақын маңда автокөлігін тегін қоя алады

Темірлан Анарбековтың сейві "Қайратты" Чемпиондар лигасы іріктеуінің үшінші кезеңіне шығарды

Жамбыл облысында Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының қатысуымен жаңа өндіріс іске қосылды