Қазақстан оқушыларының 7%-нан түрлі патологиялар анықталды

Сурет: Zakon.kz
Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты "Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы"ШЖҚ РМК басқарма төрағасының орынбасары Манар Смағұл 2026 жылы 2 ақпанда ОКҚ-да өткен брифингіде 2025 жылы оқушылар арасында анықталған түрлі патологияларға тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол балалардың осал топқа жатқызылатынын және мемлекет тарапынан ерекше қолдауға зәру екенін баса атап өтті.

"Балалар мекемесінде болатын кішігірім бұзушылықтың өзі жаппай улану, жарақат алу немесе инфекциялық дерттің өршуі сынды ауыр салдарларға әкеліп жатады. 2025 бойынша жүргізілген мониторинг нәтижесінде мектеп оқушыларының 7 пайызында көру, жүйке жүйесі және тірек-қимыл аппаратына қатысты анықталды. Бұл көрсеткіш кейбір аймақтарда 10 пайызға дейін жеткен", - деді ол.

Өткен жылы жүргізілген профилактикалық медициналық тексерулер нәтижесінде анықталған патологиялардың құрылымында көру мүшелерінің аурулары басым. Атап айтқанда, олардың үлесі шамамен 40 пайызды құрайды.

"Сонымен қатар жүйке жүйесі патологиялары – 9,4 пайыз, ал сколиоз секілді тірек-қимыл аппараты аурулары шамамен 6 пайызға тең. Бұл жағдайдың негізгі себептерінің бірі ретінде мектептердегі жиһаздың балалардың физиологиялық дамуына сәйкес келмеуі болып табылады. Парталар мен орындықтардың оқушылардың бойына сай болмауы, сондай-ақ жиһаздың дұрыс орналастырылмауы балалар денсаулығына кері әсерін тигізіп отыр. Осыған байланысты алдағы мониторингтер барысында мектеп жиһазының жас ерекшелігі мен бойына сәйкестігі тексеріліп, микроклимат, жарықтандыру және шу деңгейіне өлшеулер жүргізіледі", - деді ол.

Бұған дейін Астанадағы "Мирас" мектебінен өткір ішек инфекциясы анықталғанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі