WhatsApp қоңырауынан кейін қазақстандық 1,8 млн теңгесінен айырылды

Фото: Zakon.kz
Ұлытау облысының Сәтбаев қаласында мессенджер арқылы жасалған интернет-алаяқтық фактісі анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, белгісіз тұлға өзін байланыс қызметінің өкілі ретінде таныстырып, жәбірленушінің ұялы телефонына WhatsApp мессенджері арқылы қоңырау шалған.

Әңгіме барысында ол үй телефоны мен интернет қызметіне қатысты келісімшарттың мерзімін ұзарту қажеттігін алға тартып, жәбірленушінің сеніміне кірген.

Кейін алаяқ зейнеткерлерге арналған "жеңілдік картасын" рәсімдеу сылтауымен жәбірленушіден жеке деректерін сұрап, белгісіз тәсілмен оның ұялы телефонына қашықтан қол жеткізген.

Соның салдарынан мобильді банкинг қосымшалары арқылы банк шоттарынан заңсыз ақша аударымдары жүргізілген. Нәтижесінде жәбірленушінің екі банк шотынан 1,8 млн теңгеден астам қаражат алаяқтық жолмен шешіп алынған.

Жәбірленуші – 70 жастағы зейнеткер. Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері жедел-іздестіру және тергеу шараларын жүргізуде. Қаржылық операциялар тексеріліп, күдікті аударымдар арнайы антифрод жүйесіне енгізілді.

Полиция азаматтарды өзін банк, байланыс немесе мемлекеттік мекеме қызметкері ретінде таныстыратын белгісіз тұлғаларға сенбеуге, жеке деректер мен банк реквизиттерін ешкімге бермеуге және күмәнді жағдай туындаған кезде дереу құқық қорғау органдарына хабарласуға шақырады.

Қарағанды
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды