Арнайы ХҚКО айналасындағы заңсыздық: сот үкімі шықты

Фото: Zakon.kz
Талдықорғанда ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне қатысты сот үкімі жарияланды. Айыпталушы - 21 адам. Тергеу деректеріне сәйкес, олардың қатарында Алматы облысы мен Жетісу облысындағы арнайы ХҚКО-дың және Әкімшілік полиция басқармасының бұрынғы қызметкерлері бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Анықталғандай, олар бірнеше жыл бойы елге әкелінген жүк автокөліктерін заңсыз жолмен рәсімдеп, заңдастырумен айналысқан. Сонымен қатар бірыңғай ақпараттық жүйеге бастапқы тіркеу алымы төленді деген жалған мәліметтер енгізген.

Нәтижесінде 1385 көлік құралы заңсыз есепке қойылған. Соның салдарынан мемлекетке келтірілген шығын көлемі 9 млрд теңгеден асты.

24.kz телеарнасының мәліметінше, қылмыстық істі қарау төрт айға созылған. Іс материалдары 270 томды құраған.

"Келтірілген жалпы шығынның 5 млрд 600 млн теңгесі Қарасай ауданына тиесілі. Ал Жетісу облысының Сарқан ауданы бойынша шығын көлемі 3 млрд 787 млн теңгені құрады. Сотталушыларға 2 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", – деді Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Бақыт Ермаханов.

Судьяның айтуынша, сот үкімі заңды күшіне енген жоқ, оған шағымдану мүмкіндігі бар.

2025 жылдың соңында Алматыда бір топ адам арнайы ХҚКО қызметкерлерінің көмегімен үш жыл бойы автокөліктерді белгіленген бастапқы тіркеу алымдарын төлемей, жалған тіркеуден өткізіп келгені белгілі болды.

Алматы
Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі