Маңғыстауда күдіктіні ЖИ арқылы анықтау жүйесі іске қосылды

Фото: pixabay
Маңғыстауда полиция департаментінің жедел басқару ортағында жасанды интеллект арқылы қылмыскерлерді немесе борышкерлерді анықтайтын жүйе іске қосылды.

"Таргетай" платформасы – бейнеаналитика, яғни көптеген камералардан түсетін видео түсірілімді жинап, оны автоматты түрде талдайды. Іздеудегі адамның бет-әлпетін таниды.

Жүйе іске қосылғалы 500 ден астам күдік тудыратын жағдай тіркелген. 14 қылмыскер ұсталды. Қазіргі облыс бойынша 15 мың камера осы платформаға қосылды, деп жазады qazaqstan.tv.

Одан бөлек мектептер мен мемлекеттік мекемелердің бейнебақылау жүйесі де жедел басқару орталығына қосылып жатыр.

Бұл бірінші кезекте анықталған тұлғаны телеграм чатқа жібереді. Жедел басқару орталығына келіп сигнал түседі. Содан кейін осы жедел түскеннің арқасында біз группа захвата дейді бірінші нарядты жіберіп, сол адамды ұстау нелерін ұйымдастырамыз. Соның арқасында бұл жедел болғандықтан, ол адам ізін суытпай сол жерде ұсталуы қамтамасыз етіледі. Серік Әшірбеков, облыстық ПД бастығының орынбасары
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

6 қарашада Астанада Ақаба процесі саммиті өтеді

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған