Бұл туралы Абай облысы Полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметі мәлімет берді.
Департаменттің хабарлауынша, бұл факті бойынша қылмыстық тергеуге дейінгі тексеріс жүргізіліп жатыр.
"2026 жылғы 3 ақпанда Әуэзов аудандық полиция бөліміне хабарлама келіп түсті. Хабарламада Семейде қоқыс контейнерінен орамалға оралған жаңа туған нәрестенің мәйіті табылғаны айтылған. Оқиға орнына дереу тергеу-құқықтық топ жіберілді", – делінген ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Полиция 20 жастағы қазақстандық қызды ұстады. Ол босанудың үй жағдайында өткенін айтып, нәрестенің өлі туылғанын мәлімдеді.
Тергеу барысында қоқыс контейнеріне нәрестенің мәйітін тастаған қала тұрғыны анықталды.
"Нәрестенің мәйіті сараптамаға жіберілді. Сараптама нәтижесі бойынша процессуалды шешім қабылданып, екі қатысушының әрекеттеріне құқықтық баға беріледі", – деді ПД баспасөз қызметі.
Айта кетейік, 2024 жылдың күзінде Семейде ұқсас оқиға болған еді. Сол кезде жаңа туған нәресте өртке шыққан қоқыс контейнерінен табылған.
Оқиға бойынша қылмыстық тергеу прокуратураның арнайы бақылауына алынған. Кейін нәресте, немереге қыз бала, ауруханада көз жұмғаны белгілі болды.