Алматы маңында екі көлік соғылып, бір адам қаза тапты

Сурет: Zakon.kz
Алматы облысының Гүлдала ауылында 2026 жылғы 10 ақпанда адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала мәліметке сәйкес, Chevrolet Cobalt маркалы көлікті басқарған такси жүргізушісі Құлжа тас жолымен шығыс бағытта келе жатқан.

Сурет: Zakon.kz

Жүргізушінің айтуынша, бағдаршамның жасыл шамы жыпылықтап, қарсы бағыттағы көліктер тоқтай бастағанда, ол Қазыбек би көшесінің қиылысында солға бұрыла бастаған. Сол сәтте қиылысқа жоғары жылдамдықпен Renault Kaptur көлігі шығып кеткен.

Сурет: Zakon.kz

Қатты соққыдан кейін Chevrolet көлігі кері бағытқа қарай айналып кеткен. Ал басқарудан шыққан Renault жол жиегіне шығып кетіп, ары қарай жүріп барып, ағашқа соғылған.

Алдын ала болжам бойынша, Renault жүргізушісі қауіпсіздік белдігін тақпаған болуы мүмкін. Бұған алдыңғы әйнектің қатты сынғаны дәлел бола алады.

Сурет: Zakon.kz

Өкінішке қарай, жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Жол-патрульдік полиция қызметкерлері бейнебақылау камералары арқылы апаттың барлық мән-жайын анықтауда.

Сурет: Zakon.kz

Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл дерек бойынша қылмыстық іс тіркелгенін хабарлады. Нақтылауынша, жол апаты Алматы – Көкпек – Көктал автожолының 15-шақырымында болған.

"Алдын ала мәлімет бойынша, 39 жастағы Renault жүргізушісі бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өтіп, Chevrolet көлігімен соқтығысқан", – деп мәлімдеді облыстық ПД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

"Тергеу жалғасуда", – деп қосты ведомство өкілдері.

Бұған дейін Ақтөбе облысында бір күнде екі жол апаты болып, 3 адам қаза тауып, 3 адам жарақат алғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі