Қарағандыда жұқпалы аурулар ауруханасында балаларға құрттап кеткен тамақ берілген

Сурет: pixabay
Қарағанды облысының жұқпалы аурулар ауруханасында құрттап кеткен тамақ берілгені әшкере болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, оқиға балалар жататын бөлімде болған. Тұрғындардың бірі құрттаған күрішті таспаға түсіріп, оны әлеуметтік желіде жариялады.

КТК ақпарына сүйенсек, видеоны сол ауруханада жатқан баланың анасы түсірген. Науқастарға берілген күріштің ішінде тірі жәндіктер өріп жүр. Мұны бірі қоңыз десе, кейбірі құрт дейді. Аталған жайт желі қолданушыларының наразылығын туғызды. "Тағамды қабылдап алғандар қайда қарады?" дегендер де көп. Аурухана басшылығының айтуынша, бұл жайт сол күні анықталыпты. Келген тамақтың партиясы тоқтатылып, аурухананы тамақтандыруға тендер жеңіп алған компанияның өкілі шақыртылған.

"Тексеру жүргізілді. Тамақтану партиясы толық ауыстырылды. Ақпаратты тексеру және шара қабылдау үшін жауапты қызметке ақпарат жіберілді. Науқастардың тамақтану сапасы мен қауіпсіздігі – аурухана жұмысының басым бағыттарының бірі". Динара Әлдиева, Қарағанды облысы клиникалық ауруханасының бас медбикесі

Бұған дейін Үкіметте қызылша бойынша эпидемиологиялық ахуал талқыланғанын жазғанбыз.

Қарағанды
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан арнайы мақсаттағы бөлімшелері командалары Дубайдағы жарыстың бірінші күнінде жаппай топ жарды

ЖТС мөлшерлемелері, мүгедектігі бар адамдарға арналған жеңілдіктер: жаңа Салық кодексінде не қарастырылған

Қазан айында Алматыда электр қуатының бағасы өсуі мүмкін

Синоптиктер еліміз бойынша 8 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады

Алматыда ашық аспан астында әскери техникалар музейі ашылды - фоторепортаж