Жетісу облысында қар мен балшыққа батқан көліктегі жолаушылар тікұшақпен эвакуацияланды

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Жетісу облысының Қаратал ауданында екі тұрғын жеңіл автокөлікпен қыстаудан Үштөбе қаласына қарай жолға шығып, лай жол мен қалың қарға батып қалған. Көмекке бортында құтқарушылар тобы бар "Қазавиақұтқару" тікұшағы жіберілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, құтқарушылар алдымен бірінші автокөлікті анықтады. Ол жолдың тазартылған учаскесіне сәтті сүйреп шығарылды, содан кейін жүргізуші ТЖД қызметкерлерінің сүйемелдеуімен жолын жалғастырды.

"Кері қайтар жолда тікұшақ экипажы далада қалып қойған тағы бір жеңіл автокөлікті байқады. Оның ішінен тағы екі адам эвакуацияланды", делінген хабарламада.

ТЖМ бағдардан жаңылған жағдайда автокөліктен шықпауды, 112 нөміріне қоңырау шалып, көмек күтуді ұсынады.

Қазақстан
Талдықорған

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін