Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың шақыруымен АҚШ-қа барады

Фото: akorda.kz
Ресми ақпаратты 2026 жылдың 18 ақпанында Ақорданың баспасөз қызметі жариялады.

18-19 ақпан күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыруымен Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысу үшін Вашингтонға жұмыс сапарымен барады.

Саммит барысында Газа секторындағы ахуалды тұрақтандыру мәселесіне баса мән беріледі. Атап айтқанда, бейбітшілік орнату, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және гуманитарлық көмек жеткізу бойынша нақты шаралар әзірлеуге ден қойылады.

Сонымен қатар сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев америкалық ірі компаниялардың жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді.

2026 жылғы 22 қаңтарда Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трамп бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің Жарғысын қол қойды. Қол қою рәсіміне Қазақстан президентімен қатар 18 елдің жетекшілері мен өкілдері қатысты.

Ал 2026 жылғы 13 ақпанда мемлекет басшысы АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джули Стаффт-ты қабылдады. Сол кезде Тоқаев екі ел арасындағы екіжақты күн тәртібіндегі кең ауқымды мәселелер бойынша ынтымақтастықтың жоғары қарқынын ризашылықпен атап өтті.

АҚШ
Қазақстан
Молния
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады