Петропавлда Назарбаев зияткерлік мектебінде терезеден 12-сынып оқушысы құлады

Сурет: Инна Литвиненко
Петропавлдағы Назарбаев зияткерлік мектебінде (НЗМ) түнде үшінші қабаттың терезесінен 12-сынып оқушысы құлап кетті. 18 жастағы оқушының жағдайы ауыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқыс оқиға 17 ақпанда түн ортасында болды.

12-сынып оқушысы түсініксіз жағдайда үшінші қабаттың терезесінен құлаған. Оқу орыны бұл ақпаратты растап, бірақ болған жағдайдың анық-қанығын айтпады.

"17 ақпанда мектеп оқушысы үшінші қабаттан құлау салдарынан жарақат алды. Қазіргі уақытта ол медициналық мекемеде жатыр. Оқиғаға не түрткі болғаны анықталуда", делінген Петропавл қаласының НЗМ ресми хабарламасында.

Зардап шеккен бозбала шұғыл түрде көпсалалы қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілді. Ол кеуде, бел және өкшесінің қатты ауырсынып тұрғанын айтып, шағымданған.

"Жүргізілген тексеруден кейін науқас жансақтау бөлімшесіне шұғыл түрде жатқызылды, онда оның жағдайын тұрақтандыруға, тромбоэмболиялық асқынулардың алдын алуға және өмірлік маңызды көрсеткіштердің динамикалық мониторингіне бағытталған емдеу-диагностикалық іс-шаралар кешені жүргізілді. Алдын ала диагноз: политравма, екінші бел омыртқасының III дәрежелі жабық сынығы. Екі өкше сүйегінің жабық сынығы", - деді СҚО әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Гүлнәр Қалиева.

Бүгінгі таңда дәрігерлер бозбаланың жағдайын тұрақты ауыр деп бағалайды. Жансақтау бөлімінен ол травматология бөліміне ауыстырылды.

Болған оқиғаның анық-қанығын полицейлер тексеруде.

"Полиция Петропавл қаласының 18 жастағы тұрғынының терезеден құлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қазіргі уақытта істің мән-жайларын жан-жақты зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде, оның нәтижелері бойынша түпкілікті процессуальды шешім қабылданатын болады", - деп түсіндірді Петропавл қалалық полиция басқармасының тергеу бөлімінің аға тергеушісі Жанар Танишева.

Оқушы мектеп ғимаратында түнде не істеп жүрген, оның құлауы кездейсоқтық па, әлде өмірмен қош айтысу әрекеті болды ма, бұл сұрақтарға, әзірге жауап жоқ.

Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

15 ақпанда Алматының бірқатар көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі

13 ақпанда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Алматыда ер адам оқушы қызға пышақ ала жүгірген

Жаңа Конституция: адами капиталды дамыту – мемлекеттің стратегиялық бағыттарының бірі ретінде айқындалды

Мемлекет басшысы республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды