Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

Сурет: akorda.kz
Ақордада Қазақстан Президентіне сегіз мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті.

Ресми ақпаратты 2026 жылдың 4 наурызында Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Сенім грамоталарын:

Қасым-Жомарт Тоқаев дипломаттарға Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси даму перспективасы жөнінде әңгімеледі.

"Сыртқы сын-қатерлерге қарамастан Қазақстан аймақтағы тұрақты әрі экономикасы қарқынды ел саналады. Дегенмен біз қол жеткізген жетістіктерге тоқмейілсімей, экономикалық реформаларды дәйекті түрде жалғастырып келеміз. 15 наурыз күні елімізде жаңа Конституция бойынша жалпыхалықтық референдум өтеді. Мемлекетті одан әрі өркендету жолындағы бұл маңызды құжатты халқымыз қолдайды деп ойлаймыз. Жаңа Конституция Қазақстанда қолға алынған іргелі өзгерістерге берік негіз қалап, демократияландыру мен жан-жақты жаңғырту ісіне қомақты үлес қосады, сол арқылы елімізді дамытуда тың мүмкіндіктерге жол ашып, халықтың әл-ауқатын арттырады деген үміттеміз", – деді Президент.

Мемлекет басшысы Қазақстанның бейбіт сыртқы саясат жүргізетінін атап өтті. Президенттің айтуынша, әлемдегі барлық кикілжіңдер мен қақтығыстар дипломатиялық құралдар арқылы тек бейбіт жолмен шешілуге тиіс.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Шығанақ елдеріне әрдайым тілектес екенін және шиеленістің тезірек шешілуіне үміт артатынын жеткізді.

Кездесу соңында Президент шет мемлекеттер елшілерінің жауапты қызметіне табыс тіледі.

Қазақстан
Молния
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді