ШҚО-да туберкулездің алдын алу екпесінен бас тартатындар көбейген

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Шығыс Қазақстан облысында жаңа туған сәбиіне туберкулезге қарсы вакцина салдырудан бас тартатын ата-аналар көбейіп барады.

Өңірде тек былтыр 171 нәрестеге екпе егілмеген. Соның ішінде 68 балаға медициналық тұрғыда кері әсері себеп болған.

Ал 78 сәбидің ата-анасы вакцинадан саналы түрде өз ерікмен бас тартқан. Тағы 25 балаға өзге себепке байланысты вакцина салынбаған, деп жазады qazaqstan.tv.

Дегенмен өңірде жалпы жаңа туған шақалақтардың 97 пайызы туберкулезге қарсы егіледі. Былтыр облыста 7 362 сәби дүниеге келсе олардың 97 пайызына БЦЖ екпесі салынған.

Жалпы, 2025 жылы БЦЖ екпесінен 78 ата-ана бас тартқан. Олардың айтуы бойынша – вакцинаға сенімсіздік себебінен. Бала өссін, перзентханада жасатпаймын, салмақ қоссын, сәл өссін артынан аламыз деген де ата-аналар бар. Негізі медицина қызметкерлері тарапынан ата-аналармен жұмыс тығыз жүргізіледі. Сәуле Сламғазина, облыстық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары
Қазақстан
Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Қырғызстан Қазақстанға шекарадағы жер телімдерін айырбастауды ұсынды

Жамбыл облысында "Жамбылым-жер жаннатым" атты үздік эссе байқауы өтті