Қазақстанда мерекелік күндері қатты аяз және жауын-шашын күтіледі

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
"Қазгидромет" баспасөз қызметі Қазақстанда 2026 жылғы 7, 8 және 9 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжамға сәйкес, мереке күндері республикада ауа райы тұрақсыз болады. Синоптиктердің айтуынша, бұл наурыз айына тән құбылыс.

"Циклон мен атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның көп өңірінде жауын-шашын (жаңбыр мен қар) түседі. Солтүстік пен солтүстік-батыста – кейде қатты жауын-шашын (жаңбыр мен қар), ал оңтүстікте – нөсер жаңбыр болады. Республиканың басым бөлігінде жел күшейіп, мұздақ пен тұман күтіледі; солтүстікте боран, оңтүстікте найзағай ықтимал", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, болжамға сәйкес, Қазақстанға қатты аяз қайта оралады.

"Соңғы күндері ауа температурасы айтарлықтай көтерілгеннен кейін, болжамды кезеңнің соңында батыс пен солтүстік-батыста қайтадан арктикалық суық ауа таралады. Түнгі температура батыста – -5…-15°С, ал солтүстік-батыс пен шеткі солтүстікте – -15…-25°С", – делінген.

Сонымен қатар, гидрометорталық мәліметіне сәйкес, республиканың оңтүстік және шығыс аймақтарында ауа температурасы көтеріледі, яғни көктемгі жылылық сезіледі.

"Ал 11 наурыздан бастап орталық және шығыс өңірлерде де температура төмендейді", – деп хабарлады "Қазгидромет" баспасөз қызметі.
Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бірнеше елдегі елшілерін тағайындады

Қазақстанда магистратураға түсуге өтініш қабылдау мерзімдері жарияланды

Ғалым, мұғалім, дәрігер: Орталық сайлау комиссиясы "Әділет" партиясының кандидаттар тізімін тіркеді

"Қазақстанда 1 млн адам лудоман" деген ақпаратты Туризм министрлігі жоққа шығарды