Әнші Рахат Тұрлыханов тағы да отбасылық жанжалдың ортасында қалды

Сурет: Instagram/rakhat_turlykhanov
2000-жылдары танымал болған қазақстандық әнші Рахат Тұрлыханов бірнеше жылдан кейін тағы да жанжалға тап болды. Қазнетте оның жұбайын соққыға жықты деген күдікпен ұсталғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл алғашқы жағдай емес. 2023 жылдың қазан айында Тұрлыханов жұбайын ұрып-соққаны үшін жауапкершілікке тартылған. Алайда тараптардың татуласуына байланысты сот істі тоқтатқан. Ал 2024 жылдың қаңтарында Алматы қалалық соты істі қайта қарап, әншіні жұбайын қайта ұрғаны үшін 10 тәулікке қамауға алған болатын.

2026 жылғы 16 наурызда Zakon.kz тілшісі әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа байланысты түсініктеме алу үшін Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сұрау жолдады.

Ведомствоның мәліметінше, Алматының Медеу ауданы аумағында болған отбасылық жанжал бойынша полиция қызметкерлері шақыртуға барып, оқиғаға қатысушыларды мән-жайды анықтау үшін аудандық полиция басқармасына жеткізген.

Тексеру барысында әйел адам бастапқыда өзіне күш қолданылғанын айтқан. Алайда кейіннен ұрып-соғу фактісін жоққа шығарып, отбасылық жанжал бойынша өтініш жазған.

Нәтижесінде ер адамға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылғаны хабарланды.

Қазақстан
Алматы
Тұрлыханов Рахат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Уәлибек Әбдірайымов Қайрат Нұртасты қатты жамандап тастады

Мемлекет басшысы "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды