Қызылордада шенеунік қамаққа алынғанын жасырып, жұмыс орнына еңбекке жарамсыздық парағын ұсынған

Фото: senate.parlam.kz
Қызылорда облысының прокуратурасы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметіне тексеру жүргізу барысында лауазымды тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасау фактісін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 15тәулікке қамаққа алынған.

Алайда, мемлекеттік қызметші жұмыста болмаған себебін жасыру және жұмыстан қалуын заңдастыру мақсатында басшылыққа жалған уақытша еңбекке жарамсыздық парағын ұсынған.

Тергеу барысында құжаттың жалған екені және оны Сырдария аудандық ауруханасының дәрігері дайындағаны белгілі болды.

Прокурорлық тексеру материалдары негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексерубасталып, іс сотқа жолданды.

"Соттың үкімімен аудандық аурухана дәрігері жалған құжат дайындағаны үшін ҚК-нің 385-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 1 жыл мерзімге бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. Ал, Бөлім басшысы көрінеу жалған құжатты пайдаланғаны үшін ҚК-нің385-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды",- делінген ақпаратта.

Сот үкімі заңды күшіне енген.

Бұған дейін қарызға белшесінен батқан қазақстандық бүйрегін сатпақ болғанын жазғанбыз.

Қызылорда
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды