Жылдамдық пен хайп: Павлодарда полицейлер жол жүру ережелерін бұзғандарды жіті бақылауда

Фото: unsplash
Жылы күндердің басталуымен Павлодар облысында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректері жиілей түсті.

Полицияның ерекше назары жылдамдықты шамадан тыс асыратын жүргізушілер мен әлеуметтік желіде "хайп" қуған интернет-белсенділерге аударылған. Олардың жауапсыз әрекеттері азаматтардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіреді.

Жыл басынан бері өңір аумағында 57 мыңнан астам жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі анықталған. Оның ішінде шамамен 36 мыңы – жылдамдық режимін сақтамау фактілері. Жолдағы ахуалды тұрақтандыру мақсатында полицияның саптық бөлімшелері нысаналы рейдтік іс-шараларды жүйелі түрде жүргізіп келеді. Соңғы бір тәуліктің өзінде 346 құқық бұзушылық тіркелді.

Атап айтқанда 2 жүргізуші мас күйінде ұсталып, көлік басқару құқығынан шеттетілді. Сонымен қатар 249 жүргізуші жылдамдықты асырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал 6 автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.

Павлодар облысы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Бәкібай Ахмедьяновтың айтуынша, кейбір жүргізушілер өз құқық бұзушылықтарын әдейі бейнетаспаға түсіріп, әлеуметтік желілерде жариялау арқылы жазасыздықтың жалған әсерін қалыптастыруға тырысады.

"Мұндай әрбір дерек құқық қорғау органдарының бақылауында. Құқықбұзушылардың жеке басы анықталып, олардың әрекеттеріне заң аясында тиісті құқықтық баға беріледі. Бейнероликтердің қаншалықты әсерлі көрінуі жауапкершіліктен босатпайды", — деді ол.

Полиция азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және қауіпсіздік талаптарына жауапкершілікпен қарауға шақырады. Себебі жол қателікті кешірмейді, ал "лайк" үшін жасалған қауіпті әрекет адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін.

Павлодар
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі