ІІМ қазақстандықтарға есірткі жарнамасы үшін қылмыстық жауапкершілік барын ескертті

Тюрьма, тюрьмы, места лишения свободы, зона, решетка, лишение свободы, заключенный, заключенные, заключение, колония, место заключения, места заключения, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2026 16:42 Фото: Zakon.kz
Қазақстанда 2026 жылдың сегіз айында Қылмыстық кодекстің 299-1-бабы ("Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе олардың аналогтарын, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау") бойынша 74 қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ішкі істер министрлігінің 23 қыркүйектегі мәліметінше, интернетте, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде, сондай-ақ граффити, хабарландыру және QR-код арқылы таралатын есірткі жарнамасына ерекше назар аударылып отыр. Мұндай іске жастарды да тартуға тырысады: оларға жазу жазып, есірткі сататын интернет-дүкендердің сілтемелерін таратқаны үшін "оңай табыс" уәде етеді.

"Мұндай әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген. Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтары мен прекурсорларды насихаттағаны немесе заңсыз жарнамалағаны үшін үш жылға дейін, ал ауырлататын мән-жайлар болған жағдайда үш жылдан алты жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", – деп еске салды ІІМ баспасөз қызметі.

Министрліктің хабарлауынша, полиция әкімдіктермен, білім беру ұйымдарымен, қоғамдық бірлестіктермен және еріктілермен бірлесіп, алдын алу және рейдтік іс-шаралар өткізіп жатыр. Анықталған есірткі жарнамасы жазулары мен заңсыз жарнаманың өзге түрлері жойылады. Сонымен қатар оларды орналастырған адамдар анықталады.


"ІІМ азаматтарды есірткі жарнамасын байқаса, полицияға хабарлауға шақырады", – деп толықтырды ведомствоның баспасөз қызметі.

ІІМ есірткі жарнамасының таралуына тосқауыл қою және жастардың есірткі қылмысына тартылуының алдын алу жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді.

Бұған дейін ІІМ қазақстандық ата-аналар мен балаларға маңызды үндеу жасаған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: