Қарағандыда 38 жастағы әйел мен оның қызын өлтірді деген күдікті өлі күйінде табылды

Фото: Zakon.kz
Қарағанды облысында екі адамды өлтірді деп күдікке ілінген ер адам өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, 2026 жылғы 26 наурызда Қарағанды қаласындағы Крылов көшесіндегі пәтерлердің бірінен 38 жастағы әйел мен оның кәмелетке толмаған қызының мәйіттері табылған.

Құқық қорғау органдары күдіктінің жеке басын анықтап, оны іздестіру жұмыстарын бастаған.

Кейінірек полиция мәліметінше, Ақтоғай ауданында жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 39 жастағы күдіктінің мәйітін тапқан.

"Алдын ала деректер бойынша, ол өз атына тіркелген қарудан атып, өзіне-өзі қол жұмсаған", – деп мәлімдеді Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметі.

Бұған дейін елордада мас күйде көлік жүргізген азамат 20 тәулікке қамалғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда самокаттарға тротуармен жүруге тыйым салынады

Қазақстандағы лудомандар саны 700 мың адамға дейін жетті

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

"Қазақстанда 1 млн адам лудоман" деген ақпаратты Туризм министрлігі жоққа шығарды

Елордада жеткізу қызметін пайдаланып алаяқтық жасаған азамат ұсталды