Қазақстанда 13 жастағы жасөспірім іздестірілуде

Сурет: Telegram/POLICE_of_KZ
Қазақстан Ішкі істер министрлігі Қарағанды облысында жоғалып кеткен 13 жастағы жасөспірімді іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, Абай қаласында 2012 жылы туған Рыс Бибарыс Бекнұрұлы 1 сәуір күні үйінен шығып, қайта оралмаған.

Жасөспірімнің белгілері:

Жоғалған кезде ол қара түсті күртеше, қызғылт сары футболка, қара шалбар киген. Аяғындағы аяқ киімі – жасыл түсті болған.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Тәртіп сақшылары жасөспірімнің жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат білетін азаматтарды хабарласуға шақырады.

Байланыс нөмірлері:

Полицияның атап өтуінше, кез келген ақпарат маңызды.

Айта кетейік, бұған дейін 2026 жылдың наурыз айында Астанада жоғалған 15 жастағы жасөспірім Шымкент қаласынан табылып, жақындарына табысталған болатын.

Қазақстан
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі