Ресми мәлімдеме: Ақтауда жер сілкінісі болмайды

Фото: wikimedia/Petr Brož (Czech Academy of Science)
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан бейнематериал шындыққа сәйкес келмейді. Онда Ақтауда алдағы уақытта жер сілкінісі болады деген жалған ақпарат берілген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылғы 6 сәуірде Қоғамдық коммуникациялар орталығында мәлімдеді:

"Интернет кеңістігін мониторингтеу барысында TikTok әлеуметтік желісінде осындай мазмұндағы видео анықталды. Алайда бұл мәліметтер ресми түрде расталмаған және жалған болып табылады".

Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, тұрғындарға алаңдауға негіз жоқ.

"Мұндай ақпарат халықты қорқытып, қоғамда негізсіз дүрбелең туғызады және жалған мәлімет тарату болып саналады", – деді жауапты орган өкілдері.

Азаматтарды әлеуметтік желілердегі тексерілмеген ақпаратқа сенбеуге және күмәнді материалдарды таратпауға шақырды.

Еске салайық, 2026 жылғы 3 сәуірде Ауғанстанда жер сілкінісі болып, оның әсері Түркістан және Жамбыл облыстарында сезілген еді.

Қазақстан
Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін