Халықаралық іздеуде жүрген танымал блогер Қайсар Қамза Вьетнамда ұсталды

Сурет: ҚР ІІМ
ҚР ІІМ Интерпол арналары арқылы Вьетнам Социалистік Республикасының құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл нәтижесінде Камрань қаласында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін халықаралық іздеуде болған блогер Қайсар Қамзаны ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция таратқан ақпаратқа сүйенсек, блогер Қайсар Қамза әлеуметтік желілерде онлайн-казинолардың жарнамалық бейнематериалдарын жүйелі түрде жариялап, пайдаланушыларды құмар ойындарға тартқан.

"Заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде күдікті 100 млн теңгеден астам көлемде заңсыз табыс тапқан. Ақша оның атына тіркелген криптовалюта әмиянына аударылып отырған".ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта оны Қазақстан Республикасына экстрадициялау мәселесі қарастырылуда.

ІІМ-де атап өткендей, шетелге жасырыну әрекеттері қылмыстық жауапкершіліктен босатпайды – іздеуде жүрген әрбір адам ұсталып, Қазақстанға жеткізіледі. Бұл тек уақыт еншісіндегі мәселе.

Бұған дейін аса ірі көлемде сеніп тапсырылған қаражатты ысырап ету арқылы жымқыру фактісі бойынша күдікті ретінде танылған азаматтың Грузияда ұсталып, елге қайтарылғанын жазғанбыз. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған