Семей тұрғыны жануарларға жауапкершілікпен қарау заңын бұзғаны үшін жазаланды

Сурет: pexels
Семей қаласының тұрғыны әлеуметтік желіде үйінде марғауды өлтіріп алғаны туралы жазба мен видео жариялаған. Бұл жарияланым желі қолданушылары арасында үлкен резонанс тудырып, қызу талқыға түсті.

Автордың айтуынша, алдымен оның баласы марғауды мұздатқышқа салып қойған, кейін оны кір жуғыш машинаның ішіне салып, жуу режимін қосып жіберген. Алайда тексеріс нәтижесінде бұл жағдайдың әдейі жасалмағаны, абайсызда орын алғаны анықталды.

Абай облысы Полиция департаментінің мәліметінше, аталған видео 2026 жылғы 18 сәуірде жарияланған. Оқиға бойынша жүргізілген тексеру нәтижесінде үй жануарына қатысты заң бұзушылық тіркелген.

"19 сәуір күні үй жануарының иесі Қазақстан Республикасының жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – деп хабарлады Абай облысы ПД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда зообақ аумағында арыстан торына тас лақтырған азаматқа ірі көлемде айыппұл салынған болатын. Сондай-ақ Шымкент зоопаркінде бала жануарларды тор ішінде қуалап, суретке түсу әрекеті де қоғам назарын аударған еді.

Мамандардың айтуынша, қоғамда жануарларға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру әлі де өзекті мәселе болып отыр.

Қазақстан
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ІІМ жүргізушілерге үндеу жасады: 25 тамызға дейін не істеу керек

Қазақстандағы мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы: оларды кім және қанша алады

"Қазақстанда 1 млн адам лудоман" деген ақпаратты Туризм министрлігі жоққа шығарды

Вице-премьер Аида Балаева мәйіттік донорлыққа келісім беретінін мәлімдеді

Қазақстанда квазимемлекеттік сектордың сатып алу қағидаларына өзгерістер енгізілді