36 млн теңге жымқырған бухгалтерге қатысты жаза қатаңдатылды

Фото: pxhere
Қызылорда облысында мемлекеттік мекемеде бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша шығарылған сот үкімі қатаңдатылды. Бұл туралы 2026 жылғы 22 сәуірде Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сот дерегіне сәйкес, ауылдық клубтың бухгалтері мекеме директорымен бірлесіп, шамамен 10 жыл бойы қызметтік жағдайын пайдаланып, бюджет қаражатын жүйелі түрде жымқырған.

Алаяқтық схема бойынша қызметкерлерге негізсіз жоғары жалақы аударылып, кейін ол қаражат түрлі сылтаумен (қате есептеу, шоттың бұғатталуы және т.б.) қайтарылып алынған. Қызметкерлердің көпшілігі бұл заңсыз әрекеттерден бейхабар болған.

Осылайша 36 млн теңге жымқырылып, сот оларды 7 жылға бас бостандығынан айырған.

Алайда сот бухгалтерге қатысты "Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" заң нормасын қолданып, жазаны 1/3-ге қысқартып, 4 жыл 8 ай жаза тағайындаған.

Кейін Бас прокуратура жүргізген тексеру барысында рақымшылық нормасы дұрыс қолданылмағаны анықталған. Ведомствоның наразылығы негізінде Кассациялық сот апелляциялық сот қаулысын өзгертіп, бухгалтердің жазасын 5 жыл 7 айға бас бостандығынан айыруға ұлғайтты.

Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысында құрылыс саласындағы 108 млн теңге жымқыру дерегі бойынша ҰҚК тергеу жүргізіп жатқаны хабарланған болатын.

Қазақстан
Қызылорда
ҰҚК

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бірнеше елдегі елшілерін тағайындады

"Қазақстанда 1 млн адам лудоман" деген ақпаратты Туризм министрлігі жоққа шығарды

Қазақстандағы мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы: оларды кім және қанша алады

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алу үшін шетелдіктер төлем қабілеттілігін қалай растайды