Полицейлердің мәліметінше, жеке тексеру кезінде оның рюкзагынан изолентамен оралған 8 түйіншек табылған. Әрбір түйіншектің ішінде ақ түсті, өзіне тән иісі бар, "альфа-PVP" есірткі затына ұқсас зат салынған 20 ұсақ түйіншек болған.
"Күдіктінің жалдамалы пәтерінде жүргізілген тінту барысында ас үй үстелінен кофе стақандарына жасырылған екі қағаз орама табылды. Сондай-ақ есірткіге ұқсас зат сақталған шыны ыдыс пен оларды өлшеуге және орауға арналған құралдар тәркіленді",- делінген ақпаратта.
Бұдан бөлек, ұсталған азамат қала аумағында бұрын ұйымдастырған екі "жасырын орынды" көрсеткен. Ол жерлерден де ұсақ түйіншектерге бөлінген есірткіге ұқсас заттар анықталып, тәркіленді.
Барлық заттай дәлелдемелер алынғаннан кейін күдікті қамауға алынды, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Бұған дейін Алматыда қоқыс тиелген жүк көлігі аударылғанын жазғанбыз.