15 млн теңге залал: Алматыда ҰҚК телефон арқылы жасалған ірі алаяқтық схеманы әшкереледі

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
2026 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) қызметкерлері прокуратура органдарының үйлестіруімен Алматы қаласында телефон арқылы жасалған алаяқтыққа қатысы бар қылмыстық топтың қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Операцияға қатысты толық мәлімет 28 сәуір күні ҰҚК баспасөз қызметі тарапынан жария етілді.

Күдіктілер байланыс операторларының бақылауын айналып өтіп, шетелден қазақстандық абоненттерге халықаралық қоңыраулар шалудың заңсыз тетігін ұйымдастырған.

Атап айтсақ, бұлар бөгде заңды тұлғалардың атына виртуалды телефон станцияларын тіркеп, жергілікті мобильді нөмірлерді пайдаланған және арнайы зиянды бағдарламалық қамтылымды қолданған.

Осы схема бойынша 4 миллионнан астам қоңырау шалынып, байланыс операторларына келтірілген шығын көлемі 15 миллион теңге соммасынан асты.

"Тінту барысында техникалық құралдар мен іске қатысты өзге де заттай дәлелдемелер алынды." ҰҚК баспасөз қызметі

Тергеу іс-шаралары жалғасуда.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Қазақстан
ҰҚК

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда футбол қақпаларына қойылатын қауіпсіздік талаптары күшейтілді