Қостанай облысында анасын қорғамақ болған жасөспірім қаза тапты

Сурет: unsplash
Қостанай облысында ауыр қылмыстық оқиға тіркелді. Отбасылық жанжал кезінде ер адам өгей ұлын өлтіріп, әйелін пышақтап жаралаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Tobolinfo басылымының жазуынша, жанжал ерлі-зайыптылар арасында болған. Сол сәтте ұлы анасына араша түсіп, оны қорғауға тырысқан. Аталған дерек бойынша кісі өлтіру және адам өлтіруге оқталу фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"25 сәуір күні Жітіқара қаласының 37 жастағы тұрғыны пышақ жарақатын алған. Ал оның 15 жастағы ұлы алған ауыр жарақат салдарынан оқиға орнында көз жұмған",- делінген ақпаратта.

Полиция қызметкерлері күдіктіні жедел түрде ұстады. Ол – әйелдің күйеуі, яғни қаза тапқан жасөспірімнің өгей әкесі.

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін Талдықорғанда асханада болған жанжал қайғылы жағдаймен аяқталғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Жезқазғанда өрт кезінде төрт адам арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен құтқарылды

Ақтауда ер адам баласын ауруханаға жатқызудан бас тартқан дәрігердің жағасынан алды

Қазақстанда құрылысы аяқталмаған су нысандары қашан пайдалануға беріледі