Алтын әшекейлерді ломбардқа өткізіп үлгерген: Кентауда ұрылардың әрекеті камералар арқылы әшкереленді

Сурет: Түркістан облысы ПД
Кентау қаласында ақша қаражаты мен алтын бұйымдар сақталған сейфті ұрлау дерегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицейлердің мәліметінше, екі күдікті түнгі уақытта жеке тұрғын үй ауласына заңсыз кіріп, пластикалық терезені бұзып, сейфті алып шыққан. Жәбірленушінің айтуынша, сейфтің ішінде 300 АҚШ доллары және шамамен 4 млн теңгеге бағаланған алтын әшекей бұйымдар болған.

Хабарлама келіп түскен сәттен бастап ұрлық қылмысын ашуға Түркістан облысы полиция департаментінің криминалдық полиция қызметкерлері Кентау қалалық полиция бөлімімен бірлесіп кіріскен. Жедел-іздестіру іс-шаралары кешені ұйымдастырылып, оның аясында бейнебақылау камераларындағы жазбалар мұқият зерделенді.

Криминалдық полиция қызметкерлерінің кәсіби әрі үйлесімді жұмысының нәтижесінде күдіктілердің жеке басы бір тәулік ішінде анықталды.

Олардың бірі Шымкент қаласындағы жалдамалы пәтерден ұсталса, екіншісі Астана қаласында анықталып, полиция бөліміне жеткізілді.

Тергеу барысында күдіктілердің қылмысты оңай олжа табу мақсатында алдын ала жоспарлағаны белгілі болды. Олар ұрланған сейфті ашып, ішіндегі алтын бұйымдарды келесі күні ломбардқа өткізген.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды.

Бұған дейін Ақтөбеде дүкеннен 15 миллион теңгенің телефондарын ұрлап кеткенін жазғанбыз.

Қазақстан
Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Автобустың есігін өзі жөндеп алып, жүргізуші куәлігінсіз жолаушы тасымалдаған қазақстандық ұсталды

Астанада сарапшылар жасанды интеллект, медиа және электоралдық мінез-құлықтың жаңа үрдістерін талқылады

Қазақстанда жол жөндеуге қатысты жаңа тәсіл енгізіледі: асфальт барлық жерде төселмейді

Алматылықтар тұрғылықты жеріне жақын маңда автокөлігін тегін қоя алады

Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады