Астанада Ержан Бабақұмаров ісі бойынша сот шешімі шықты

Фото: Zakon.kz
Астанада Алматы қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабақұмаровтың өліміне қатысты іс бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласы сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, үкім 2026 жылғы 20 ақпанда жарияланған.

"Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен сотталушы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды", – деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Үкім заңды күшіне енді.

Іс жабық режимде қаралғандықтан, оның мән-жайы жария етілмейді.

Еске салайық, 2025 жылғы 30 қазанда Астанада соққыға жығылғаннан кейін Алматы қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабақұмаровтың көз жұмғаны белгілі болған еді.

Істі судья Айжан Күлбаева қарады. Ол 2024 жылғы мамырда бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты іс бойынша да үкім шығарған.

Сот процесі 2026 жылғы 26 қаңтарда екі тараптың өтініші негізінде жабық режимде басталған болатын.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды