Павлодарда білім саласының 2 мыңнан астам қызметкерінің жеке деректері ашық жарияланған

Фото: freepik
Павлодар облысы-да мектептер мемлекеттік сатып алу порталында қызметкерлерге медициналық тексеру жүргізу бойынша конкурс жариялау барысында жеке деректердің таралу дерегі анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодар облысының прокуратурасы мәліметінше, 28 білім беру ұйымының құжаттарында қызметкерлердің анкеталық деректері, тұрғылықты мекенжайы мен байланыс нөмірлері жарияланып кеткен.

Қадағалау органының айтуынша, мұндай әрекет еңбек заңнамасының нормаларын бұзып, деректердің алаяқтық мақсатта пайдаланылу қаупін тудырған.

Прокурорлық тексеру нәтижесінде Павлодар облысы бойынша білім саласының 2065 қызметкерінің жеке деректері ашық қолжетімділіктен жойылды. Сонымен қатар жауапты лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

2026 жылғы 26 сәуірде Қазақстанда жеке деректерді қорғауды күшейтуге бағытталған ауқымды заңнамалық өзгерістер дайындалып жатқаны белгілі болды.

Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған