Ақпан–сәуір айлары аралығында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет (СЖҚҚ) 317 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты тіркеген.
"Жемқорлық фактілерінің басым бөлігі парақорлық, алаяқтық және қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану сияқты қылмыстарға қатысты", – деп атап өтті ведомство.
Қылмыстық істер бойынша 226 адам күдікті ретінде танылған.
198 қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталған, олардың 175-і сотқа жолданған.
Аяқталған қылмыстық істер бойынша анықталған залалдың жалпы сомасы 4,2 млрд теңгені құрады.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың қаңтар айында СЖҚҚ 126 қылмыстық құқық бұзушылықты тіркеген, олардың 110-ы сыбайлас жемқорлық сипатында болған.