Ерекше зираттың видеосы желіге тарап, мұны қолдайтындар мен құптамайтындар өзара қызыл кеңірдек болып жатыр. Христиан зиратының бір бөлігіне тұрғындар өлген иті мен мысығын да жерлей бастаған. Тіпті, құлпытастар да орнатылған. Онда үй жануарларының суреті мен аты қашалып, өксікке толы қимас сөздер де жазылыпты. Ақтоғай ауданына қарасты аумаққа ит-мысықтың көмілуі — заңсыз дейді шенеуніктер. Мұнда екі бірдей заң бұзылып тұр екен: жерді заңсыз иемдену және өлген үй жануарын жою тәртібі.
"Құлпытастарда қабір қожайындарының мекенжайы жоқ. Енді итінің басына гүл шоғын әкелгендерді күтуге тура келеді. Ерекше зираттың көзін құрту да жоспарланған", деп хабарлайды КТК.
Бұған дейін СҚО-да полицейлер мал ұрлығымен айналысқан топты құрықтағанын жазғанбыз.