Стелла Суханова Азиада-2026 ойындарындағы екінші қола медалін жеңіп алды

Стелла Суханова Азиада-2026 ойындарында қола медаль жеңіп алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.09.2026 09:35 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық спортшы Стелла Суханова байдарка мен каноэде есуден Аичи және Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бірлік-байдаркамен 500 метрге жарыстың финалында Суханова мәреге үшінші болып жетті. Қазақстандық спортшы қашықтықты 1 минут 59,688 секундта бағындырды.

Жарыста Қытай өкілі Ван Нань 1:55,999 нәтижесімен жеңіске жетті. Күміс медальді Өзбекстан спортшысы Арина Танатмишева 1:57,769 нәтижесімен иеленді.

23 жастағы Суханова үшін бұл – қазіргі Азия ойындарындағы екінші жүлде. Бұған дейін ол 500 метрлік қашықтықтағы төрттік-байдарканың құрамында қола медаль жеңіп алған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: