Азиада-2026: Қазақстан байдарка мен каноэде ескек есуден үшінші орын алды

Азиада-2026: Қазақстан байдарка мен каноэде ескек есуден үшінші орын алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.09.2026 11:01 Сурет: olympic.kz
Қазақстандықтар Сергей Емельянов пен Руфина Искакова байдарка мен каноэде есуден Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандастарымыз аралас екілік-каноэде 500 метрге жарыстың А финалында сынға түсті. Қазақстандықтар қашықтықты 1 минут 51.124 секундта еңсерді.

Алтын медальді Қытай өкілдері У Шэнъюэ және Ма Янан жеңіп алды – 1:48.377. Күміс медаль өзбекстандықтар Владлен Денисов пен Нилуфар Зокироваға бұйырды 1:49.674.

Айта кетейік, бұған дейін Стелла Суханова мен Дмитрий Холмогоров жекелей сайыста қола алған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: