ІІМ Алматыдағы екі жасөспірімнің қазасына қатысты пікір білдірді

Фото: Zakon.kz
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Мәжіліс кулуарында Алматыда екі кәмелетке толмаған жасөспірім қаза тапқан жаппай төбелеске байланысты үш қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер одан Алматыдағы төбелес кезінде екі жасөспірімнің қаза табуына қатысты жағдайға түсініктеме беруді сұрады.

"Аталған дерек бойынша үш қылмыстық іс қозғалды. Оның ішінде "Бұзақылық" және "Адам өлтіру" баптары бойынша тергеу жүргізілуде. Күдіктілер сот шешімімен қамауға алынды. Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр. Жәбірленуші тараптың барлық уәжі тексеріліп, әрбір әрекетке құқықтық баға беріледі", – деді Санжар Әділов.

Еске салайық, 2026 жылғы 4 мамырда Алматыда жаппай төбелес салдарынан екі кәмелетке толмаған жасөспірімнің қаза тапқаны белгілі болған еді.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

6 қарашада Астанада Ақаба процесі саммиті өтеді

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған