Дәрігерге қаралу үшін павлодарлықтар емхана алдында жаппай кезекке тұрды

Фото: Zakon.kz
6 мамыр күні таңертең Павлодар қаласында тұрғындар қалалық емхананың кіреберісінде жаппай кезекке жиналды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"КТК" телеарнасының мәліметінше, адамдарды ғимаратқа кіргізе бастаған сәтте жұртшылық ішке қарай жаппай ұмтылған. Кейін дәрігер қабылдауына талон беретін аппараттардың жанында да жанжал туындаған.

Бұл жағдайға қатысты облыстық Денсаулық сақтау басқармасы пікір білдірді. Ведомство өкілдерінің айтуынша, аталған емхана 62 мың адамға қызмет көрсетеді және онда тұрғындардың сапалы ем алуына барлық жағдай қарастырылған.

Сондай-ақ басқарма өкілдері тұрғындарды негізсіз дүрбелең туғызбауға шақырды.

Ал Степногорск қаласындағы аурухана құрылысына Денсаулық сақтау басқармасы тарапынан тиісті бақылау жасалмағандықтан, нысанның ашылу мерзімі белгісіз уақытқа кейінге шегерілді.

Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

9 тамыздағы Алматы мен Астанадағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Атыраулық ит Лакидің Америкадағы өмірі туралы не білеміз

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Синоптиктер тамыз айына арналған ауа райы болжамын жариялады

2026 жылы жоғары оқу орындарына қабылдау мерзімі мен тәртібі белгілі болды