Мемлекет басшысы Рим Папасы XIV Леоға құттықтау жеделхатын жолдады

Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы XIV Леоны Понтифик болғанына бір жыл толуымен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресми ақпаратты 2026 жылдың 8 мамырында Ақорадның баспасөз қызметі жариялады.

Мемлекет басшысы хатта Понтификтің бейбітшілік идеясы мен диалогты ілгерілету жөніндегі дәйекті уағызы адами қадір-қасиетті дәріптеп, халықтар мен конфессиялар арасындағы өзара түсіністікті нығайтудың сенімді тірегі екенін атап өткен.

Президент Қазақстан мен Киелі Тақ арасында ұзақ жылдан бері келе жатқан достық пен тығыз ынтымақтастықты жоғары бағалайтынын және байланыстарды одан әрі тереңдету ниетін жеткізді.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Католик шіркеуінің басшысын Астанаға шақыратынын тағы да растады.

"Сіздің сапарыңыз серіктестігімізге жаңа мазмұн дарытып, аймақтағы елеулі уақиғаға айналатынына сенімдімін", – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы Папа XIV Леоға ізгі мұратын іске асыру жолында зор денсаулық және қажымас қайрат тіледі.

Қазақстан
Молния
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаштың орындауындағы түрікше ән бірнеше елдің чарттарын бағындыруда

"Жақсы жаңалығым бар!". Мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің тізімі 7 тамызда жарияланатыны белгілі болды

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Мемлекеттік білім беру гранты иегерлеренің тізімі қашан жарияланатыны белгілі болды

Сақтандыру қызметіне бірқатар өзгерістер енгізілді