Жарылыс туралы жалған хабарламалар: полиция жауапкершілік барын ескертеді

Фото: freepik
Интернет желісінде және әлеуметтік желілерде жасөспірімдердің жарылыс, өрт қою және басқа да қауіптер туралы жалған хабарламалар тарататын жағдайлары тіркелуде.

Алматы облысында терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарламалар жасағаны үшін 9-сыныптың екі оқушысы ұсталды. Олардың Астана қаласы мен Алматы облысында осындай 14 фактіге қатысы бар екені анықталды.

Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысының 9-сынып оқушысы әлеуметтік желі қолданушылармен жанжал негізінде олардың атынан Шымкент қаласы әкімдігінің және Ақтау қаласындағы сауда үйлердің бірінің электрондық поштасына жарылғыш құрылғылар қойылғаны туралы хабарламалар жіберген. Қылмыс жасау кезінде олар анонимді телефон нөмірлері мен электрондық пошталарды пайдаланған.

Бұл "әзіл" немесе қалжың болса да, мұндай әрекеттер қылмыстық құқық бұзушылық болып саналады.

Жалған қауіп туралы хабарламалар адамдар арасында дүрбелең туғызып, шұғыл қызметтердің жұмысына кедергі келтіреді.

Мұндай әрекеттер үшін бас бостандығынан айыруға дейін жауапкершілік қарастырылған. Барлық осындай жағдайлар мұқият тексеріліп, күдіктілер заманауи технологиялардың көмегімен анықталады. Осыған байланысты барлық азаматтарға үндеу жасаймыз: тексерілмеген ақпаратты таратпаңыздар, жалған хабарламалар жібермеңіздер және балаларға мұндай әрекеттердің салдарын түсіндіріңіздер. Егер сізге қауіп туралы хабарлама келсе, дереу полицияға хабарлаңыз, – деді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығының орынбасары Аман Әубәкіров.
Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін