Қазақстандағы ірі компаниялардың бірінде ұрлық әрекеті әшкереленді

Фото: Zakon.kz
Ұлытау облысында өткен жылдан бері полиция "Қазақмыс корпорациясы" аумағынан ұрлық жасаған бірнеше қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ІІМ мәліметіне сүйенсек, тек биылдың өзінде полицейлер ірі көлемде шығын келтірілген төрт ұрлықты ашты. Мәселен, 7 мамыр күні Мемлекеттік күзет қызметімен бірлесіп компания аумағынан жанармай ұрлауға байланысты заңсыз әрекеттердің жолы кесілді.

Жедел іс-шаралар барысында ұрлықты ұйымдастырды және кейін жанар-жағармай материалдарын сатумен айналысты деген күдікке ілінген тұлғалар ұсталды. Олардан тәркіленді:

"Тергеу барысында ұрлық арнайы техникаға жалған жанармай құю және құжаттарды қолдан жасау арқылы жүзеге асырылғаны анықталды. Сонымен қатар күзет құрылымдарының жекелеген қызметкерлері тарапынан көмек көрсету факілері де әшкереленді". ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Бұған дейін Қырғызстан билігі қарапайым халыққа Қазақстанда неліктен бензин бағасы төмен екенін түсіндіріп бергенін жазғанбыз.

Қазақстан
Ұлытау облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Бақытжан Темірболат Президент Кеңсесінің уақытша бастығы болады

Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды

Қазақстанда әскерге шақыру мен ант қабылдау рәсімі жаңа форматта өтеді