Ақтаудағы қайғылы оқиға: полиция көлігі баланы қағып кетті

Фото: unsplash
2026 жылғы 14 мамырда Маңғыстау облысы полиция департаменті баспасөз қызметі Ақтауда қызметтік полиция көлігінің қатысуымен болған жол апаты салдарынан баланың қаза тапқанын растады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайғылы оқиға 13 мамыр күні болған.

"Ақтаудың 27-шағынауданында қызметтік автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелді. Көлік қағып кеткен бала оқиға орнында көз жұмды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Көлік жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр",- деп мәлімдеді полиция.

Маңғыстау облыстық полиция департаменті қаза тапқан баланың туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтты.

"Департамент басшылығы бұл фактіні ерекше бақылауға алды. Тергеу қорытындысы бойынша заң талаптарына сәйкес қатаң шаралар қабылданады", – деді Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Оралда жас полицей қыз зорлады деген күдікке ілінгенін жазғанбыз.

Қазақстан
Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды