Мобильді аударымдар: күмәнді операциялар үшін қазақстандықтарға айыппұл салына ма

Фото: pexels
Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов 2026 жылғы 28 мамырда Сенат кулуарында қазақстандықтардың мобильді аударымдарын тексеру барысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер мобильді аударымдарды тексеру қорытындысы бойынша қазақстандықтарға хабарламалар жіберіле бастады ма деген сұрақ қойған.

"Жұмыс жүріп жатыр, біз барлық санат бойынша хабарламалар жіберіп жатырмыз. Бірақ ол жерде мерзім бар – 30 жұмыс күні. Біз салық төлеушілердің реакциясы бойынша қорытындыны көріп отырмыз. 30 жұмыс күні ішінде орындауға мүмкіндік береміз. Декларация тапсыруға немесе түсініктеме беруге жағдай жасалады. Қандай да бір айыппұл санкциялары немесе банктік шектеулер қолданылып жатқан жоқ", – деді Ержан Біржанов.

Сондай-ақ, ол азаматтарға тексеру нәтижесінде бірден жаза қолданылмайтынын, алдымен түсіндіру және есептілікті ретке келтіру мүмкіндігі берілетінін атап өтті.

Айта кетейік, 2026 жылғы 14 сәуірде Ержан Біржанов күмәнді мобильді аударымдардың саны қашан белгілі болатынын да айтқан болатын.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз