Алматыда жол құрылысы үшін 200-ге жуық жер телімі мемлекет қажетіне алынады

Фото: Zakon.kz
Алматы қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 22 мамырдағы қаулысына сәйкес, мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер телімдері мен өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлі түрде иеліктен шығару рәсімі басталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатқа сәйкес, Алматы қаласы Түрксіб ауданындағы Қайрат шағынауданында орналасқан 197 жер учаскесі мен өзге де жылжымайтын мүлік мемлекет қажетіне алынады.

Бұл шара "Шығыс қақпасы" көпфункциялы орталығына апаратын кіреберіс жолды, нақтырақ айтқанда Бұқтырма көшесіне дейінгі жол учаскесін салу мақсатында жүзеге асырылады.

Мәжбүрлі иеліктен шығару мерзімі 2028 жылғы 31 желтоқсанға дейін белгіленген.

Алматы қаласының Жер қатынастары басқармасына жер иелеріне заңнамаға сәйкес өтемақы төлеу, сондай-ақ рәсім аяқталғаннан кейін жер учаскелерін қалалық Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасының балансына өткізу міндеті жүктелді.

Бұған дейін Түрксіб ауданының Қайрат шағынауданында "Шығыс қақпасы" 110 кВ қосалқы электр станциясының құрылысы үшін де жер телімі алынатыны хабарланған болатын.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды