Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

Сурет: pixabay
Алматыда 12 жастағы баланың өліміне қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайғылы оқиға туралы ақпарат 2026 жылғы 11 маусымда әлеуметтік желілерде тарады.

Желі қолданушыларының мәліметінше, 10 маусым күні кешке 12 жастағы балаға шабуыл жасалған. Кейбір деректерде оған 13 жастағы екі жасөспірім тоғыз рет пышақ сұққаны айтылған. Сондай-ақ күдіктілердің жасына байланысты олардың заң алдында тиісті жазаға тартылмауы мүмкін деген пікірлер де айтылды.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, қылмыс 10 маусым күні Түрксіб ауданында болған.

"Қылмыс жасады деген күдікпен Алматы қаласының 13 жастағы тұрғыны ұсталды. Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті мен марқұм бір-бірін бұрыннан таныған. Жасөспірімдер арасында туындаған жанжал барысында жәбірленушіге пышақ жарақаттары салынғаны анықталды. Қазіргі уақытта күдікті арнайы мекемеге орналастырылды. Аталған дерек бойынша адам өлтіру фактісімен қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады полиция.

Сонымен қатар, тергеу нәтижесіне қарай күдікті жасөспірімнің ата-анасын баланы тиісінше тәрбиелемегені үшін жауапкершілікке тарту мәселесі қаралатыны айтылды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді