Қарағандыда полицейлерден қашқан әрекетін әлеуметтік желіге жариялаған азамат ұсталды

Фото: unsplash
Қарағанды қаласында мотокөлікпен жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбай қашқан әрекеттерін әлеуметтік желілерде жариялаған 18 жастағы тұрғын анықталып, жауапкершілікке тартылды.

Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірім эндуро санатындағы мотокөлікті басқара отырып, қала көшелерінде жылдамдық режимін бірнеше рет бұзған. Сонымен қатар полиция қызметкерлерінің тоқтау туралы заңды талабын елемей, бағдаршамның тыйым салынған қызыл түсіне өтіп, өзге жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген. Ол өз әрекеттерін бейнетаспаға түсіріп, әлеуметтік желілерде жариялаған.

Патрульдік полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру және профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде құқық бұзушының жеке басы анықталып, ұсталды.

Құқық бұзушы уақытша ұстау камерасына қамалды. Жиналған әкімшілік материалдар заңнамаға сәйкес шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Мотокөлік айыптұраққа қойылды. Полиция жол қозғалысы ережелерін қасақана бұзу, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбау және қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіретін әрекеттер үшін заң аясында қатаң жауапкершілік көзделгенін ескертеді. Жолдағы қауіпсіздік – әрбір азаматтың ортақ міндеті.

Қазақстан
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда күн райы күрт бұзылады: 5-7 қарашада қалың қар жауып, күн суытады

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Айдос Сарым Президент Жолдауын тарихи міндеттерді айқындайтын құжат деп таныды

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Алматы метросынан төрт есе ұзын: Қытайда Азиядағы ең ұзын айналма метро желісі ашылды